Домой Uncategorized КӨШ БАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП

КӨШ БАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП

А.Үсенов атындағы жалпы орта мектеп аудан көлеміндегі жетістігі мол орта оқу орындараның бірі. Сондықтан да аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі осы мектептің орнын ерекше атап көрсетті. Әрине, біз де білім саласы бойынша жақсы ұжымдардың қатарынан көрініп жүрген оқу орнының тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсетуге тырыстық. Сонымен аталмыш мектептің тарихы мен соңғы жылдардағы қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша шолу жасап көрейік.

ТАРИХ ІШІНДЕГІ ТАРИХ

Теке ауылының тарихы жүздеген жылдар бұрынғы заманға барып тіреледі. Ол ауыл болып қоныстану, ұжымдасу сынды бөліктерге бөлініп жатады. Ал, біз бүгін сөз еткелі отырған текелік, Кеңес Одағының Батыры Абдулла Үсеновтің есімімен аталатын жалпы орта мектептің ірге тасының қалануы да ілгеріде жатыр. Қолда бар мәліметтер аталмыш оқу орнының 1930 жылдары советтік әскери қолбасшылардың бірі К.Ворошилов атындағы бастауыш мектеп болып ашылғанын айғақтайды. Мектеп 1937 жылы жеті жылдық білім беретін оқу орнына айналдырылады.

1952 жылы сегіз жылдық білім беруге көшіріліп, енді мектепке күн көсемінің жары Н.Крупская аты беріледі. Ол кейіннен Теке ауылында халық санының артуына байланысты он жылдық мектеп болып қалыптасады. Теке ауылында тағы бір бастауыш мектеп болған. Ол мектеп 1978 жылға дейін осы ауылдың балаларына білім берген. Кеңес Одағының Батыры Абдулла Үсеновтің есімі ол алғашқыда осы мектепке қойылған еді. Кейіннен Н.К.Крупская мектебіне бүгінгі үш қабатты ғимараттың салынуына байланысты екі мектеп біріктіріліп оған батырдың аты берілді. Яғни, екі ұжымның басы осы мектепке тоқайласып ел игілігі үшін жұмысын жалғастырады.

Әрине, ұжым сол жылдары еңбек еткен ұлағатты ұстаздарды ұмытпайды. Ел М.Сейілов, Жарқынбек Молдабеков, Нуриддин Құлахметов, Арын Оразбеков, Сара Ахметова, Зәкира Орынбасарова, Тұрғанкүл Сәрсенбаева, Темірбай Райымқұлов, Хуршида Хасанова, Әди ағай, Нархан апай, Әбілхан Қайназаров, Сартпай Сәрсенбаев, Махамбет Ысқақұлы сынды аға буын өкілдерінің білім саласындағы қажырлы еңбектерін әлі уақытқа дейін айтып отырады.

Сондай-ақ, Әмірбек Сейітов, Сұлтанбек Асылбеков, Рыскүл Марданбаева, Пернебек Орынбасаров, Дүрия Молдабекова, Ұлбосын Таштеева, Қалжан Камалова, Айткүл Қарабалаева, Ұлболған Күмісбаева, Майраш Жаппарова, Света Пірімбетова сияқты ұлағатты ұстаздардың өлшеусіз еңбектерін айтудан жалықпайды. Әрине, негізінде осы қос оқу орнына басшылық еткен, білім ордасының өсіп өркендеуіне, ұжым болып қалыптасуына көп еңбек сіңірген Зайниддин Құлахметов, Дадахан Турсунметов, Өтебай Нұрпейсіов, Сартпай Сәрсенбаев, Убайдулла Әлметов, Тұрғанкүл Сәрсенбаева, Мұрат Жүсіпбеков, Бибісара Сауранбаевлардың еңбектерін ұдайы еске алып жүреді.

ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ

Журналист үшін біреу туралы жаза қою оңай шаруа емес. Бірінші кезекте кейіпкер туралы бар мәліметті жинақтап алуың қажет. Оның бәрін сұрыптап оқырманды жалықтырмас үшін оған тек түйіндісін ғана ұсынуың қажет. Мектеп басшысы Мыңжасарова Сәуле Қазынабайқызының жұртшылыққа көрсету үшін оның өмірдерегіне үңіле отырып, осы саладағы жетістігіне көз салдым. С.Мыңжасарова 2010 жылы қалалық «Әдістемелік бірлестіктің озық жұмыс жүйесі» байқауының бас жүлдесін иемденген, іс-тәжірибесі қала көлемінде таратылған. 2013 жылы М.Мақатаев оқуларын ұйымдастыруға белсенді еңбегі үшін облыстық білім басқармасының марапаттамасын алған.

2015 жылы Түркістан қаласы әкімінің, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мақтау грамоталарымен марапатталған. 2019 жылы «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңғырту» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінде жоғарғы дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы әдістемелік орталығының мадақтамасымен марапатталған.

«Заман талабына сай білім беру үдерісінде заманауи технологиялар мен әдістерді ендіріп, шәкірттерге білім нәрін беріп келе жатқан басшы», «Жеткіншектерге, жас ұрпаққа халқымыздың рухани байлығын сіңіруде ұжымға талап қоя білетін, жаңашыл директор», «Мектептің білім саласын көтеруде көптеген жаңа бастамалардың жетекшісі, әрі ұйытқысы», «Тынымсыз еңбегімен танылып жүрген іскер, жауапкершілігі мол, белсенді ұстаз» бұл Сәуле Қазынабайқызының әріптестерінің, ата-аналарының сөзі.

С.Мыңжасарова туралы Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаев та ойын төмендегіше білдірді.

— Ұлағатты ұстаз Сәуле Қазынабайқызы басқаратын мектепте қазақ, өзбек ұлттарының балалары оқиды. Бұл мектеп бірлігі мен татулығы жақын сақталған, достығы мен ынтымағы жарасқан ұжым десек болады. Мектеп басшылығы мен бақылаудың жүйелі жүргізілуінің нәтижесі болса керек, мектеп білім сапасы бойынша ауданымызда алдыңғы қатарда. Береке бастауынан түпқазығы бірлікте жатқанын біздер жақсы білеміз. Ал, оны қалыптастыру, ұстап тұру көбіне басшыға байланысты. С.Мыңжасарова бұл қағиданы талай белестерден көрсетеді деген сенімдеміз. Иә, бізде ұжым мен ата-аналар ауылдық округі әкімінің мектеп басшысына берген бағаларына сүйсіне отырып, тек сәттілік тіледік.

ҰЖЫМНЫҢ КҮШІ БІРЛІКТЕ

— 2018 жылы музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш Елеуова облыстық деңгейде «Үздік музыка» пәнінің мұғалімі атанып, арнайы төсбелгімен марапатталды.

— Математика пәнінің мұғалімі Г.Сәрсенбаева облыстық көлемде «Математика пәнін оқытудың жүйелі жолдары» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

— Информатика пәнінің мұғалімі Руслан Құлахметов «Математика, физика, информатика пәндерін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты облыстық семинарда инновациялық идеялармен, тәжірибелермен терең бөлісе білгені үшін облыстық басқарманың мадақтамасына ие болды.

— Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахлиддин Кулахметов адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйымдастырған «Үздік жас мұғалім – 2019» байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

— Адами әлеуетті дамыту бөлімі өткізген «Үздік білім беру мекемесі – 2018» байқауында ұжым бірінші орынды иеленді.

— Түркістан облысы көлемінде өткізілген «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» интелектуалдық байқауында мектеп облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

— Облыстық «Ең білімді педагог – 2019» олимпиадасына қатысқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дулат Әбіләшім мен Майра Жүнісова арнайы арнайы сертификат иесі атанды.

— Түркістан облысы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыру, дамыту, талантты ұстаздарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Пән олимпиадасының үздік педагогы-2020» олимпиадада қазақ-тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мансұр Мадалиев бас жүлдені қанжығасына байласа, оның әріптестері математика пәнінің мұғалімі Шарифжан Мырзараймов, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рима Наргубекова мен математика пәнінің мұғалімі Алишер Розметов 2 орыннан көрінді. Ал, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұршат Токулиева мен тарих пәнінің мұғалімі Гүлзат Сартаева 3 орын тұғырына шықты. Осы олимпиада барысында математика пәнінің мұғалімі Айжамал Абдраманова, бастауыш сынып мұғалімі Мадина Тұрысбекова, биология пәнінің мұғалімі Эльмира Қарашаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбара Жанбекова, тарих пәнінің мұғалімдері Райхан Сәрсенбаева, Асылзат Әлжанова, Айнұр Наурызбаевалар жоғары нәтижеге қол жеткізді.

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2020» жылғы байқауында бастауыш сынып мұғалімі Мадина Тұрысбекова қатысып, 1 орынды жеңіп алды. «Жыл қорытындысы – 2020» байқауында «Үздік тәрбие саласының қызметкері – 2020» 1 орынмен Райхан Сәрсенбаева марапатталды. «Үздік психолог – 2019» байқауында педагог-психолог Қазына Қалдыбекова қатысып, жүлделі 3 орынды иемденді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Оразбекова облыс әкімінің Алғыс хатымен адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қалдыбай Қыштуов, Сәуле Оразбекова Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатына ие болды. «Сауранға тарту» жастар форумында 11 сынып оқушысы Әбілхан Нұрсара «Үздік оқушы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Республикалық мұғалімдер арасында өткен онлайн пәндік олимпиадада мектеп мұғалімдері де жүлделі орынды иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті, география пәндерінің ұстаздары екінші, Қазақстан тарихы пәні педагогтары төрт екінші бастауыш пәнінің ұстаздары 1 екінші, 2 үшінші орыннан көрінді. Ал, биология пәнінің ұстаздары үшінші орынды қанағат тұтты. Мектеп ұжымы кіші қаңтар педагогикалық оқуында да көптеген марапаттарға ие болды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М.Абдуалиева қалалық жарыста бас бәйгені иеленді. Сауран ауданы жаңадан құрылса да бірнеше мұғалімдер аудан әкімінің, жаңа бөлімнің марапаттарын алып үлгерді. Біз «Дарын онлайн» сияқты білім беру платформалары, «Қазtest.kz», сайты әр түрлі мемлекеттік, мемлекеттік емес мерекелерге, даталы күндерге, түрлі қоғамдық қорлар, бірлестіктер, партиялар, кәсіподақтар атынан марапатталған ұстаздарды көптеп кездестірдік. Ізденімпаз, жаңашыл ағайлар мен апайлардың еңбектерін әлі де басылым бетінен жеке-жеке көрсететін боламыз деген байламға келдік.

ШӘКІРТСІЗ ҰСТАЗ ТҰЛ

* 2017 жылы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен 11 сынып оқушысы Ү.Абдрахман үздік атанып, 1-ші дәрежелі дипломның иегері атанды.

* 2019 жылы 9 сынып оқушысы Айзат Хасенова республикалық пән олимпиадасына қатысып, оның облыстық кезеңінде «Жас лингвист» номинациясын иеленіп, арнайы дипломға қол жеткізді.

* 2018-2019 оқу жылында өткізілген қалалық олимпиада барысында 6, 2019-2020 оқу жылында және 6 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды.

* 2019-2020 оқу жылында 3 облыстық КЕА ғылыми жобасына қатысқан 3 оқушы жеңімпаздар қатарынан көрінді.

* 2018-2019 оқу жылында облыстық «ALTYN-QYRAN» зияткерлік сайысына қатысқан 12, 2019-2020 жылы 15 оқушы жүлделі орын алушылар қатарынан көрінді.

* «Ақбота» халықаралық интелектуалдық марафонына қатысушы 13 оқушы үздіктер қатарын толықтырды.

* «Русский медвежонок» конкурсында 7, «British Bulalay» сайысында 4, облыстық «Самұрық» зияткерлік байқауында 33, «Altyn tobylgy» жарысында 17, «Алтын ұрпақ» зияткерлік олипиадасында 19, «Бәйтерек» зияткерлік ойынында 17 оқушы өз білімдерімен танылып, білімділер қатарынан көріне білді.

* 2015-2016 оқу жылында 3 оқушы «Алтын белгі» иеленді, 1 оқушы «Үздік аттестатқа» қол жеткізді.

* 2016-2017 оқу жылында 6, 2017-2018 оқу жылында 3, 2018-2019 оқу жылында 4, 2019-2020 оқу жылында 4 оқушы мектепті «Алтын белгімен» аяқтады. Мектеп түлегі Нұрсәуле Досымхан ҰБТ-ны 127 балға аяқтап ең жоғары көрсеткішке ие бола білді.

* 2020-2021 оқу жылын 7 оқушы «Алтын белгімен», 1 оқушы «Үздік» аттестатпен, 6 оқушы «Үздік» куәлікпен аяқтады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.