Домой Әлем СӘУІР АЙЫНДА VII ЕУРОПА ҚҰРАН ОҚУ ЖӘНЕ АЗАН АЙТУ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

СӘУІР АЙЫНДА VII ЕУРОПА ҚҰРАН ОҚУ ЖӘНЕ АЗАН АЙТУ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропа Құран оқу және азан айту жарысы осы жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өткізілмек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ.
Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтуде. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.
Толығырақ: https://azan.kz/kz/ahbar/read/sauir-ayyinda-vii-europa-quran-oqu-zhane-azan-aytu-zharyisyi-otedi-11414. Мақалаларды қалай болсын қолдану тек azan.kz сілтемесімен ғана рұқсат етіледі.