Домой Экономика ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҮШ АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҮШ АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты Ақсуабад, Шапырашты және Береке елді мекендері бүгін көгілдір отынмен қамтылып отыр. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

— Аудан аумағындағы 42 елді мекеннен 34-і табиғи газбен қамтамасыз етілген болатын. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақсуабад, Шапырашты, Береке елді мекендеріне газ келіп, аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 37 елді мекенге жетіп отыр, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда тағы да 5 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылы Сайрам ауданын табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.