Домой Uncategorized Қазақстандық 30-дан аса оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алды

Қазақстандық 30-дан аса оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алды

Қазақстандық 30-дан аса оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алып, FIRST Alumni мәртебесін иеленді. Аталған мәртебе оқушыларға әлемнің 200 беделді университетінің біріне оқуға тапсырса, грантқа өтуіне артықшылық береді. Қазақстан атынан іріктелген команданың бұл мүшелері енді халықаралық сайыста жүлдеге таласады.

Жолдама оқушыларға робототехникадан FIRST халықаралық чемпионатының ұлттық финалы қорытындысы бойынша берілді. Ұлттық жарысқа Қазақстан­ның түкпір-түкпірінен 700-ден аса оқу­шы қатысты. Нәтижесінде, 4 оқушы Сүлейман Демирель атын­дағы университетте оқуға мүм­кіндік беретін грант ұтып ал­ды. Сонымен қатар чемпионатқа қа­тысқан 10 команда Мәскеу қала­сындағы FIRST жарысына, ал Красноярск қаласына 6 команда аттанады.

Қазақстандағы FIRST робототехника бойынша халықаралық жарысының ұйымдастырушысы Нұрдәулет Досмағамбет: «Биыл қатысушылар «Жүк тасымалы» тақырыбы бойынша тапсырма­лар орындады. Сондықтан оқу­шы­лар өздері ойлап тапқан ша­ғын жүктерді тасымалдайтын, та­уар­ларды сұрыптайтын және ке­дергілерді айналып өте­тін роботтарды таныстырды. Чемпио­нат­тың қорытындысы бойынша төрт команда АҚШ-қа жолдама жеңіп алды. Бұған қоса Алматы, Семей және Түркістан облысы­нан 4 оқушы білім гранттарын жеңіп алды. Чемпионатқа еліміздің ша­ғын ауылдары мен қалаларынан келген мектеп оқушыларын атап өткім келеді. Бұған дейін Түр­кістан, Қызылорда және Шы­ғыс Қазақстан облыстарында, Ақ­мола облысының Атбасар қала­сында мектеп оқушылары мен мұға­лімдеріне робототехникадан тренингтер мен жарыстар өткізіп, балалар мен оқытушылардың қызығушылығын көрдік. Олар чемпионатқа келіп, білім жағынан үлкен қалалардың оқушылары­нан кем түспейтініне көз жеткізе алды», дейді.

Оқушылар ғана емес, мұ­ға­­лімдер де ынталандырудан құралақан қалмапты. 6 мұға­лім Best Mentor Award номи­на­циясы бойынша FIRST мара­паттарына ие болды. Осы марапатты ал­ған­дардың бірі Әсем Қасым Қа­ра­ғанды облыстық дарынды балаларға арналған маман­дандырылған «Дарын» мектеп-интернатында информатика мен спорттық робототехникадан сабақ береді.

Білім және ғылым министрлі­гі оқушылар мен мұғалімдер қаты­сатын олимпиадалар тізіміне FIRST чемпионатын енгізген. Жыл сайын FIRST жарысының ұйымдастырушылары 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында түрлі байқаулар өткізеді. Әр са­йыс тақырыбы және тапсырма­лар­дың күрделілігімен ерекшеле­не­ді. Тапсырмалар нақты әлем­дік мәсе­лелермен байланысты, атап айтқанда, өнеркәсіпті автоматтандыру, тау-кен өндіру, қалдықтарды өңдеу, ғарышты зерттеу, биомедицина және басқа да маңызды тақырыптарды қамтиды.