Домой Uncategorized Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын...

Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын дайындалды

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын дайындады.

Келісімнің мақсаты — теңдік және өзара құрмет қағидаттары негізінде мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына және халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Құжат келесі салалардағы ынтымақтастықты қарастырады:

  • Білім беру саласында тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен жобаларды жүргізу, ғылыми жарияланымдармен алмасуды ынталандыру;
  • Ғылыми қызметкерлермен, сарапшылармен, мұғалімдермен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және студенттермен алмасуды ынталандыру;
  • Білім беру саласындағы басшылар, мұғалімдер және қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • Оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу мен жетілдіруде тәжірибе алмасу;
  • Білім беруде жаңа технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасу;
  • Жалпы білім беру жүйесін өлшеу және бағалау жүйелеріне қатысты ақпарат пен тәжірибені өзара алмасу;
  • Өзара негізде студенттердің ғылыми және мәдени олимпиадаларға қатысуын ынталандыру;
  • Семинарлар, көрмелер, конференциялар, ғылыми зерттеулер сияқты іс-шараларға өзара қатысуды көтермелеу;
  • Бірлескен бағдарламалар, серіктестік қатынастар/бауырлас білім беру ұйымдары/және студенттік қызмет бойынша білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
  • Жастар саясаты және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Бұдан басқа, тараптар бір-бірінің елдерінде өзара түсіністік негізінде оқу орындарын ашады деп көзделеді.

Сондай-ақ:

  • Келісім шеңберінде тағайындалатын ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, мұғалімдерге және олардың отбасы мүшелеріне виза беру кезінде жәрдем көрсетеді;
  • Оқу орындарында Қазақстан мен Түркия әдебиеті, мәдениеті мен тарихын зерттеу жұмыстарын қолдайды;
  • Қазақ және түрік тілдерін оқыту орталықтарын ашу мүмкіндігі өзара негізде қарастырылады
  • Қазақстан тарапы Түрік тілін оқытуды көтермелейді және түрік тарапы қазақ тілін оқытуды көтермелейді.