Домой Uncategorized «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас»

«Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас»

«Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» тақырыбында өткен республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша пәнді оқыту және оқулықтар бойынша келелі жиын өткізілді. Сол жиында пәнді оқытуда кездесетін қиындықтар мен оқулықтарда жіберілген кемшіліктер және оларды жақсату мәселесі төңрегінде келелі ойлар айтылды. Съезде көтерілген мәселелер бойынша Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Лесбекова Нұргүл және сьезге қатысып келген Төлеби жалпы орта мектебінің мұғалімі Абетаева Нұрғайша екеуі бірлесе отырып бірнеше іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда аудан мұғалімдерімен бірге «Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда берілген оқу мақсаттары мен пәнді оқытуда кездесетін олқылықтар» тақырыбында тәжірибе бөлісу семинарлары ұйымдастырылды. Пән мұғалімдерімен өткізілген басқосуда съезде көтерілген мәселелер мен айтылған ойлар бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» атты баяндама оқылып, мұғалімлер арасында ой бөлісіп, талқылау жасалынды. Пән мұғалімдері де өз тарапынан ұсыныс тілектерін білдірді. Жалпы съездің өтілу онда айтылған мәселелер пән мұғалімдеріне жаңаша көзқарас пен пәнді оқыту бойынша жаңа ізденістерге бастау болды.