Домой Мәдениет Көрісу күні тойланды

Көрісу күні тойланды

Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 14 наурыз – Көрісу мейрамын яғни салт-дәстүрімізді нығайта отырып өз ұстаздарына, мектеп басшыларына жәнеде достарына деген көңілдерін білдірді. Дана халқымыз көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті – пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым – қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туғанын — жақсы меңгергенін көрсете білді.