Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҢДЫ ІСІ БАР ОРДАБАСЫДАҒЫ АЗАМАТ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҢДЫ ІСІ БАР ОРДАБАСЫДАҒЫ АЗАМАТ

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, мал өсіруді  қолға алып, оның ішінде   жеке қой шаруашылығын  бастаған ауыл азаматтары көптен  көп. Солардың бірі Түркістан облысы  Ордабасы ауданына қарасты Қызылсеңгір ауылында тұратын Жұмабай Керімов.

Ол былтыр шілде айында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан филиалынан «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында 9 млн теңге несие рәсімдеп, 289 бас қой мен 10 қошқар сатып алған болатын.

Қазіргі уақытта марқасы пісіп, марқайып жүрген шаруаның табысы да жақсы. Болашақта отарын көбейтіп, Ордабасы ауданының озат кәсіпкерлерінің бірі болатынына кәміл сеніп отыр.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге 30 млн теңгеге дейін несие береді. Екі жылға дейінгі жеңілдік кезеңі бар. Шаруасын дөңгелентіп іс бастаймын деген азаматтар болса мемлекеттік бағдарламаның қолдауын пайдаланып, жеңілдетілген несиені алуға болады.