Home Қоғам ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырудың тетіктері талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жетекшілік еткен жиынға қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Батырбек Исламбеков пен ұйымның бірқатар белсенді мүшелері және әкімдік аппаратының қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, шара аясында Түркістан облыстық ардагерлер ұйымы мен аудандық ардагерлер ұйымының өкілдері онлайн бейнебайланыс арқылы ой бөлісіп, пікір алмасты.

Тараптар арасында өрбіген әңгіме аясында Жолдау жүктеген міндеттердің мән-жайы түсіндіріліп, іске асыру тетіктері тарқатылды.

Атап айтқанда, ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жастардың бойына ұлттық патриотизмді сіңіру мен қоғамдық дамуды үдету жайы сөз болды. Сонымен қатар, ел ішіндегі идеологиялық үгіт-насихат жұмыстарын ширату мәселелері де айтылды.