Home Басты жаңалықтар БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ ӨТЕДІ

БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!

Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың батыр ұлы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы ХXII халықаралық турнир басталады. Дәстүрлі додада Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінен келген 250-ге жуық боксшы 19 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 1 сәуір күні сағат 12:00-де Отырар м/а, «Olimpic center» спорт кешенінде өтеді.