Home Басты жаңалықтар ҒАШЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН «NEKE TOUR» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ҒАШЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН «NEKE TOUR» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Бүгінде киелі шаһарда маңызды мәдени-туристік іс-шараларды өткізуге басымдық беріліп отыр. Сондай-ақ, былтыр қолға алынған ерекше жобалар да жалғасын табуда. Түркістанда этнотуризмді дамыту мақсатында жүзеге асқан жобалардың бірі – «NEKE TOUR» байқауы.

Халқымызда неке – қасиетті ұғым және отбасы құрудың негізі саналған.  Осыған орай, ғашықтарға тағы да рухани астана – Түркістанда неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын өткізу мүмкіндігі сыйланбақ. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы жанындағы «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы биыл да «NEKE TOUR» байқауын жариялап отыр.  

Байқауға ресми некедегі және өтінім берерде неке қию туралы куәлігі бар 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Үміткерлер neketour-turkistan.com сайтындағы өтінішті толтырып, жолдаулары қажет. Өтініштерді қабылдау 3-9 сәуір аралығында жүргізіледі.

Сыйлықтарды табыстау және жеңімпаздарға арналған арнайы бағдарлама 15-16 сәуір аралығында Түркістан қаласында өтеді.

Айта кетейік, «Шаңырақ» номинациясының жеңімпазына:

• Бару-қайту билеттері (ұшақ немесе көлік)

• 2 күн қонақ үйде тұру

• ⁠фотосет

• ⁠ неке қию рәсімі

• ⁠кешкі асқа жолдама.

«Махаббат» номинациясының 4 жеңімпазына:

• 2 күн қонақ үйде тұру

• ⁠фотосет

• ⁠неке қию рәсімі.

«Ару» номинациясының 4 жеңімпазына:

• фотосет

• ⁠неке қию рәсімі

• ⁠кешкі асқа жолдама.

«Жанұя» номинациясының 11 жеңімпазына:

• неке қию рәсімі

• ⁠фотосет

• ⁠сыйлық беріледі.

«Діңгек-ақпарат»