Home Қоғам САУРАНДЫҚТАР МЕШІТ АУЛАСЫН МӘУЕЛІ БАҚҚА АЙНАЛДЫРМАҚ

САУРАНДЫҚТАР МЕШІТ АУЛАСЫН МӘУЕЛІ БАҚҚА АЙНАЛДЫРМАҚ

Сауран жұрты Шорнақ мешітінің аумағын гүлдендіріп, көркейтуге көп болып жұмылды. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді деген осы шығар.

Қысқасы жамағат ғибадат үйінің 3,5 гектар құрайтын ауласына мың түп жеміс көшеттерін отырғызып, мәуелі баққа айналдырмақ. Осы игілікті шараға үлес қосқан азаматтар қарасы қалың.

Айта кетейік, аталмыш бастамаға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов. Оған аудан басшылығы қолғабыс жасап, аудан орталығының тұрғындары да соның ішінде еңкейген қариялары бастап, жастары қостап жүргеніне куә болдық.

Сонымен бірге, Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев бастаған халық қалаулылары саурандықтармен қатар қолдарына күрек ұстап, олар да осында ағаш отырғызды.