Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласының көрнекті орындарымен танысу мақсатында тарихи экскурсия өтті.
Аталған экскурсияға Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары мен «Жастар Ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері шараға қатысып, көрнекті жерлермен таныстырып қайтты.
![](https://dingek.kz/wp-content/uploads/2022/04/d7d79978-62d7-456a-8f66-bc3d1431d9f5.jpg)
Жастар экскурсия барысында, “Фараб” кітапханасында өткен “Саураным -Сырлы мекенім” атты өткізілген айтысты тамашалады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі , ”Ұлы дала елі” орталығына және “Visit Центр”орталықтарына саяхат жасап, киелі жерлердің тарихымен танысты.
Экскурсияға демеушілер есебінен ақ дастархан жайылып, түскі ас берілді. Туған жердің тарихын біліп, өткеннен мағлұмат алу – жас ұрпақ үшін құнды қазына. Киелі Түркістанға сапар аудан жастары үшін тарихи тағылымы мол, керемет сезім сыйлағаны сөзсіз.