2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударып, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді және сыбайлас
жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер
енгізу керектігі нақты айтылған.
Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық
мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана
қоймай, сонымен қатар бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп
төндіреді. Дәл осы себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі
халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа
да халықаралық ұйымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі.
2016
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық және
Қылмысытық-процестік кодекстер қолданысқа енді. Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарын жасағаны үшін болатын жауапкершілік күшейтілген.
Осылайша, бас бостандығынан айыру секілді жазамен қатар, міндетті түрде
тәркілеу және еселік айыппұл тағайындалады. Белгілі бір лауазымдар
атқару немесе белгілі бір мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру аталған құқықтан өмір бойы айыруға ауыстырылды. Шартты
түрде соттау шарасын қолдануға, тараптардың бітімге келуіне байланысты
жауапкершіліктен босатуға, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық
бұзушылықтарын жасаған тұлғаларға кепіл белгілеуге тыйым салынған.
Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы азаматтардың
бостандығы мен құқықтарын қорғауға бағытталған, сыбайлас жемқорлық
көріністерінен туындайтын Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі
қатерлерден қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды орындайтын
лауазымды және басқа тұлғалар, сонымен қатар, осыған теңестірілген
тұлғалар, алдын алу, анықтау, жолын кесу, құқық бұзушылықты ашу,
сыбайлас жемқорлық салдарын жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама сыбайлас жемқорлықпен
күресудің негізгі ұстанымдарына нықтайды, құқық бұзушылық түрлерін және
де жауапкершілік талаптарын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлықпен
күресудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, құқық бұзушылық түрлерін және
де жауапкершілік талаптарын белгілейді. Қазақстанда бұлтартпастық жаза
принципіне үлкен маңыздылық бөлінген, тұлғаның лауазымы дәрежесіне
қарамастан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жауапкершілік жазасы
бәріне бірдей. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте және белгілі қызметпен
айналысуға өмір бойына айырылады. Жалпы, бүгінгі танда Қазақстанда
заңнамалық шаралар айқын істелінген, жемқорлықтың алдын-алу және жолын
кесуге бағытталған.
А.АБДУЛЛАЕВА,
Түркістан қалалық соты кеңсесінің бас маманы.