Home Қоғам ТҮРКІСТАН: БӨЛІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛУДА

ТҮРКІСТАН: БӨЛІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛУДА

Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларының 2021 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі болып өтті. Атаулы шараға шаһар әкімі Рашид Аюпов, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Осы аптаның сәрсенбі күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нурбибі Бурибаева, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жолаева, бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Гүлжамал Дахановалардың есебі тыңдалды.

Жиын шаһар әкімдігінің Instagram, Facebook желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, эфир барысында әкімдік парақшасы мен 109 – Бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен ең маңызды деген сұрақтарға бөлім басшылары тікелей жауап беру әдісін пайдаланды. Сондай-ақ, Халықтық кеңсе арқылы қала әкімінің қабылдауына жазылған азаматтар да ZOOM жүйесі арқылы сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алғанын айта кеткен жөн.

Енді осыларың ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Нақтылап айтқанда еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау, азаматтық хал-актілерін тіркеу, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі болып табылады. Мәселен, атаулы бөлім осы жылдың алғашқы үш айында 1791 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындап, осы отбасылардың 9627 адамына 264850,1 мың теңге төлем жүргізген. Оның ішінде шартты түрі бойынша 1284 отбасының 7442 адамына 185682,2 мың теңге, шартсыз түрі бойынша 507 отбасының 2185 адамына 79167,9 мың теңге тағайындалыпты.

Сонымен қатар, осы үш айдың есебі бойынша аз қамтылған азаматтардың үлесі төмендеген, яғни 2020 жылдың 1 тоқсанына аз қамтылған адамдардың үлесі 8,8 пайызды құраса (3209 отбасы 15057 адам ), 2021 жылы 5,3 пайызды құраған. Енді бір айта кететіні демеушілер есебінен аз қамтылған 1720 отбасына азық-түлік себеттері берілген. Оның ішінде «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында 960 отбасына, демеушілер есебінен 760 отбасын азық-түлікпен қамтыды және 100 отбасына 50000 теңге қаржылай көмек берілген екен.

Шаһардың дамуына тер төгіп жатқан әр бөлімнің атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық. Кемшіліксіз дүние болмасын ескерсек толықтай мінсіз деуден аулақпыз. Барша қала тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы есепті тыңдағанын айттық. Бағасын жеке дара беріп те жатыр. Ал, қала басшысы бөлімдердің міндеті халыққа дұрыс қызмет көрсету керек екенін тағы қайталап, жұмысты өнімді, жемісті атқаруды, асқан жауапкершіліктің қажеттігін шынайы сезінуді тапсырды. Сондай-ақ, ұсыныстарын тыңдап, бірқатар тапсырмалар да берді.

Бұдан бөлек, осы аптаның бейсенбі күні адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова және «Visit Centre» орталығының директоры Е.Төлебаевтардың бірінші тоқсандағы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Рашид Абатұлы бөлім басшыларына халықтың өтініш-арыздары бойынша нақты тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалауды өзі назарға алатынын баса айтты.