Home Қоғам ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова бастаған топ, яғни «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының өкілдері мен әкімдіктің бөлім басшылары қаламыздағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен шаһар басшысы қалаға кіре берістегі «Дендросаябақтың» алдында орнатылған паровозды әрлеу жұмысының жай-жапсарымен танысты.

Мұнан соң «Көктем-2» тұрғын ауданындағы құрылысы қызу жүріп жатқан бес қабатты, 60 пәтерлі №7, 8, 10, 11 тұрғын үйлерде және «Теміржолшылар» саябағында болды. Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарын күнделікті бақылауға алып, уақытылы аяқтауын қадағалауды және құрылыс жұмысын жеделдету қажеттілігіне көңіл бөліп, жұмысшы күшін көбейтуге барынша ықпал жасайтындығын айтты.

Құрылыс басына арнайы барып, жоспарланған шаруалардың мән-жайына қаныққан қала әкімі тұрғындардың игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын тапсырды.

Сонымен қатар жұмыстың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөліп, нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.