⠀Канвассингтің келесі кейіпкері – Досай Кенжетай. Бүгінде елімізге танымал дінтанушы, мәдениеттанушы, теолог ретінде белгілі философ, ғалым. Профессормен арнайы сұқбат ұйымдастырылып, келелі әңгімелер айтылды.⠀Автордың шаңырағындағы кітапханада болып оның ғылыми еңбектерімен таныстым. Айта кеткен жөн, Досай Кенжетай «Қожа Ахмет Ясауидың моральдық философиясы», «Қожа Ахмет Ясауи және оның ойлау жүйесі», «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы», «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам мәселесі (Монография). Қолжазба құқында», «Дәстүрлі түркілік дүниетаным» оқулық кітаптарының авторы. Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімі – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. 16 Бүгінде Түркістан қаласында 18-ден аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Түркістан қаласын дамыту бағытында мәдени-рухани орталығында жаңадан 5 нысан (Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Неке сарайы, Шығыс моншасы, Қабылдау орталығы) салынды. Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды: 2021 жылы Драма театр, Опера және балет театры құрылысын аяқтау; Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу; Түркістан қаласының аса көрнекті тумалары мен тарихи мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыру (С.Қожанов, Н.Төреқұлов, С.Ерубаев, М.Пошанов, А.Үсенов, Ә.Нұрмаханов, О.Жарылқапов, Б.Саттарханов); ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізу; қаланың қасиетті және тарихи (Қожа Ахмет Иасауи мен Рабиа Сұлтан Бегім кесенелері, Цитадель бекініс қабырғасы, Қылует жерасты мешіті, Құмшық ата, Гаухар ана) жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру және киелі орындарды абаттандыру; Түркістан қаласының көрнекті тумалары, тарихи мұраларды танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруға ықпал етеді. Нәтижесінде түркістан қаласын дамыту бағытында мәдени-рухани орталығында жаңадан 5 нысан ашылып, қаланың қасиетті және тарихи орындары абаттандырылады, аса көрнекті тумалары мен тарихи мұраларын танымал етіледі.
«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді