ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында партия белсенділерін марапаттау іс-шарасы өтті.

Салтанатты шараны партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев ашып, айтулы мерекемен құттықтады.

«Өздеріңізге белгілі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі барлық аймақтарда жоғары деңгейде аталып өтілуде. Осы уақыт аралығында «Nur Otan» партиясы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, елдің дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруда партия белсенділері өз үлестерін қосып келеді. Осыған орай партияның Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен үздік 400 нұротандық партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оның ішінде Түркістан облысынан 31 партия белсендісіне Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы табыстады. Қазіргі таңда партида 800 мыңнан астам партия мүшесі болса, 80 мыңнан астамын біздің өңірдің азаматтары құрайды. Атқарған жұмыстарыңызды елей отырып, партияның Орталық Бюросының шешімімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 азамат «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Өз жұмыстарыңызбен қатар партиялық және қоғамдық жұмыстың ортасында әруақытта белсенді болып, азаматтық, адамдық ұстанымдарыңызды айқын көрсетіп келесіздер. Ең белді әрі белсенді азаматтар ретінде марапаттарыңызбен және айтулы мерекемізбен құттықтаймын. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын» – деді Бейсен Дәулетұлы.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Құрмет грамотасымен» марапатталған азаматтардың қатарында облыстық мәслихат депутаттары, білім ұйымдарының басшылары, денсаулық саласының мамандары, БАҚ өкілдері, жергілікті аудандық және қалалық мемлекеттік қызметшілер және партия қызметкерлері бар.

Сондай-ақ сайлау кезінде белсенділік танытқан үздік бес бақылаушы облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.