Home Басты жаңалықтар Түркістандықтар Қырғызстаннан олжалы оралды

Түркістандықтар Қырғызстаннан олжалы оралды

Қырғызстан Республикасының Ош қаласында ушу саньда спорт түрінен Халықаралық жарыс өтті. 23-27 қыркүйек аралығында өткен әлем чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, Бекнұр Бекжанұлы 75 келі, Еркебұлан Әмірғазиев 80 келі салмақта 2-орын иегері атанды. Ал, Нұрбақыт Айтмұқаш 65 келіде, Еркебұлан Тұрды 75 келі салмақта үздік үштіктің қатарынан көрінді. Жаттықтырушысы – Ғалымжан Алтынбеков.Балуандар Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары. Жуырда жұмысын бастаған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы самбошы қыз Перизат Жақыпбекова Беларусь Президенті жүлдесі үшін өткен Халықаралық турнирде алғашқы алтынды еншілеген.