Биыл 58 электрмен жабдықтау нысандарының құрылысына 9,1 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысымен 16 елді мекен (23 500 халық) сапалы жарықпен қамтылатын болады. 700 мыңнан астам халық тұратын Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Қызыләскер» қосалқы станция мен әуе желілерінің құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 220 кВ «Орталық», 110 кв «Солтүстік» қосалқы станциялары мен оны жалғайтын әуе желілері, Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталды. 2022-2023 жылдары аяқталатын болады.Сонымен қатар, Түркістан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікпен Жылу-энергетикалық орталығы салынады. Бюджет есебінен техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалау-металық құжаттамасы әзірленуде. Инвестиция көлемі 36,5 млрд.теңге. Іске асыру мерзімі 2021-2023 жылдар. Құрылыс барысында 450 жаңа жұмыс оры құрылады. Нәтижесінде, Түркістан қаласы толық жылу және электр қуатымен қамтылатын болады.Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 35,2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 621 нысан немесе 1,7 мың км жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 553 нысан немесе 1,1 мың км пайдалануға беріліп, қанағатты жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 87% жеткізу жоспарлануда (2020 ж. 79%).Құрылыс жұмыстарының көлемі 148,1 млрд. теңгені құрап, 23,9%-ға артты. Бұл республикада 2- көрсеткіш. Жыл қорытындысымен 305,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. 363,6 мың шаршы мер тұрғын үй (2 712 пәтер) пайдалануға беріліп, 11,5%-ға артты. Жылдық жоспар 790 мың шаршы метр.2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында бюджеттен 118 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 47,3 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша жалпы 85 көпқабатты тұрғын үй немесе 328,3 мың шаршы метр пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 5 229 отбасы баспаналы болады, оның ішінде 708 пәтер – әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, 1 103 пәтер – аз қамтылған көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз берілсе, 3 418 пәтер – әлеуметтік кредиттік пәтерлер ретінде жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.