Home Басты жаңалықтар Түркістанда халықаралық күрестен жарыс басталды

Түркістанда халықаралық күрестен жарыс басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Омарұлы Рақымовтың жүлдесіне арналған XXV-ші халықаралық жарыс басталды. Дүбірлі дода Түркістан қаласындағы «Olimpic Center» спорт кешенінде жалауы желбіреп, халықаралық күрес жарысының ашылу салтанаты жоғары дейгейде өтті. Қазақстанда күрестің əлемдік деңгейде дамуына өз үлесін қосып келе жатқан бұл турнир ерекше болып ұйымдастырылды.

Жарысқа арнайы келген Түркістан қаласының əкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев құттықтау сөз сөйлеп, балуандарға сəттілік тіледі. Еліміздің мақтаныштары, олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров пен Азия чемпионатының жеңімпазы, əлем чемпионатының қола жүлдегері Дəурен Жұмағазыиев те арнайы қатысты. Аламан күрес додасына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан және Қазақстанның барлық облысының балуандары қатысып, күш сынасуда.Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дəрежедегі төреші Марат Нұржановтың айтуынша, бұл əлемдік деңгейде өтіп жатқан турнирге ерлерден 410 апайтөс балуан қатысса, қыздардан 110-нан астам бұрымды спортшы бақтарын сынауда.

Айта кетерлігі 11 салмақ бойынша саңлақтар өзара мықтыны анықтайды.Халықаралық турнирге Түркістан облыстық грек- рим, еркін жəне əйелдер күресі қауымдастығының президенті Бауыржан Мұсабеков, Шымкент қалалық №4-ші спорт мектебінің директоры, халықаралық дəрежедегі төреші екі олимпиа ойындарына төрелік еткен Бақытжан Жақсықұлов та қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде балуандар боз кілемде төрт салмақ бойынша күресуде.