Home Басты жаңалықтар Түркістан: Көпірлер жөндеуден өтпек

Түркістан: Көпірлер жөндеуден өтпек

Түркістан облысының аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы 408 дана көпір орналасқан.

Жыл сайын тозығы жеткен және жарамсыз көпірлер кезең-кезеңімен орташа және күрделі жөндеулерден өткізілуде. Қазіргі таңда, жөндеуді қажет ететін 6 көпірге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Ағымдағы жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Отырар, Бәйдібек, Түлкібас аудандары аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар бойындағы 3 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде Түлкібас, Бәйдібек аудандарындағы көпірлердің құрылысы мерзімінен бұрын биыл шілде айында толығымен аяқталып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Ал, Отырар ауданының «Отырар-Темір» станциясы бағытындағы жолдың бойындағы көпір биыл қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық, авторлық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.