Home Басты жаңалықтар Түркістан: Асфальтқа сурет салудан байқау өтті

Түркістан: Асфальтқа сурет салудан байқау өтті

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектеп жасындағы оқушылар арасында асфальтқа сурет салудан аудандық байқау болып өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының 23 жылдығы, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқауға «Jas Otan» жастар қанатының Жетісай аудандық филиалы мүшелері мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының, Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық шығармашылық орталығының қызметкерлері, қпзпқ эстрадасы жарық жұлдыздарының бірі, «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев қатысты.

«Бала – біздің болашағымыз. Ұлтымыздың, ұрпағымыздың жалғасы, отанымыздың ертеңгі күні иелік етер тұлғалары. Олардың болашағының жарқын болуына, ұлтжанды, отансүйгіш болып өсуіне біз тікелей жауаптымыз. Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара бүлдіршіндеріміздің қиялдарына қанат бітіріп, патриоттық сезімдерін оятарына сенемін. Барша қатысушыға сәттілік тілеймін!» деген әнші Ердос Қанаев жетісайлықтарды «6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күні» мерекесімен құттықтады.