Home Басты жаңалықтар Түркістан: 2000 шақырым жол жөндеуден өтпек

Түркістан: 2000 шақырым жол жөндеуден өтпек

2021 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға арттыру көзделуде. Аталған индикатор көрсеткішін үш жылда 99,5%-ға арттыру жоспарлануда.

Облыс бойынша 2021 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалуы туралы Түркістан облсының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. Биылғы автомобиль жолдары саласын дамытуға бөлінген қаржыға Түркістан облысында 600-ден астам нысан, не 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Оның жартысына жуығы жергілікті маңызы бар жолдарға, яғни облыстық, аудандық және елді мекен көшелерін жаңартуға бағытталған. Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарында ұзындығы 50 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.

Одан бөлек, осы аудандарда Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жол бетін өңдеу әдісімен жөндеуден өткізілуде. Жақын күндіреді бұл жолдар толықтай пайдалануға беріледі.