Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МЕКЕМЕЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: МЕКЕМЕЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

Түркістанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес ұсынуды қарау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Р.Аюпов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ұзынжас, барлық аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма басшыларының және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.Мәжілісте мекеме басшыларына және квазимемлекеттік секторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнама нормалары мен басқа да актілерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректерді уақтылы хабарлау, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе да ауқымды болды. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.Жиын қортындысы бойынша аудан, қала әкімдері және облыстық басқарма басшыларына ұжымда жемқорлыққа қарсы тұрақты күресті жандандыру, тәртіпті нығайту міндеті жүктелді. Жемқорлық тәуекелдеріне жасалатын ішкі талдау жұмыстарының тұрақты және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету барысын тұрақты бақылауға алу мәселесі де сөз болды.