Home Басты жаңалықтар «Гросс тренажері» авторы Түркістанға келді

«Гросс тренажері» авторы Түркістанға келді

«ДАРА» қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының қолдауымен Сайрам ауданының №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Гросс тренажерін» орнатты. «Гросс тренажері» – қимыл-қозғалысы бұзылған балаларға қозғалуына мүмкіндік береді, тіпті дамуына көп мүмкіндік беретін ерекше құрылғы. Бұл тренажер тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, дамуына, қозғалуына және жазықтықта айналуына мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты- мұндай тренажерлерді Қазақстан бойынша психологиялық кабинеттерге орнату тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, отбасыларына басқа қалаларға бармай-ақ, баланы тұрғылықты жері бойынша оңалту мүмкіндігі орнайды. Тренажердегі сабақтар әрқашан жарқын эмоционалды түске ие, бала және оның отбасы тамаша эмоцияларға бөленеді. Енді мамандар тренажердің көмегімен балалардың тепе-теңдікпен дұрыс жүру, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын дамыту бөтен адамның көмегінсіз тепе-теңдік сезімін дамыта алады. Балалардың қозғалыс маторикасын дамыту басқа дағдыларды дамытады, мысалы, есту-сөйлеу және интеллектуалды даму. Гросс тренажерындағы жаттығудың нәтижесінде, баланың әртүрлі кедергілерден қорқуын сейілтіп, кеңістікте қозғалысын дамытады.Тренажер авторлары Гросс Юхан Артурович пен Гросс Артур Юханович Сайрам ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тренажер орнатып, ППТК мамандарына, ата-аналар мен осы мәселеге қызығушылық танытқандардың барлығына оқыту семинарында кеңес берді. Бүгінгі таңда “Дара” қоры Қазақстан бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 20 Гросс тренажерын орнатты. Юхан Гросс кәсіби спортшы, отыз жыл бұрын конькимен сырғанаушыларды оқытуға арналған тренажер жасауды бастаған. Бірақ кейінірек, патенттік зерттеу барысында оның тренажеры тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуда тиімділігін көрсетті. “Гросс тренажері” патенттелген, Медициналық және спорттық тренажердің алғашқы модельдері 1991 жылдан бастап жұмыс істейді.Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті-бұл кез-келген ерекше бала мен оның отбасы білікті мамандар командасының көмегін алатын арнайы білім ұйымы. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттердегі тұрғылықты жері бойынша барлық қызметтер тегін беріледі. ППТК 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді. «Дара» қоры-жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қор, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.