Home Басты жаңалықтар Кітапханадағы кітап окудағы ынталандырудағы көпшілік шаралар

Кітапханадағы кітап окудағы ынталандырудағы көпшілік шаралар

7 акпан күні Кентау каласының адами әлеуетті дамыту бөліміннің жоспарына сәйкес N14 әл Фараби атындағы мектеп-гимназиясында кітапханасынның ұйымдастыруымен «Кітапханадағы кітап окудағы ынталандырудағы көпшілік шаралар» такырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинардың максаты: Окушылар арасында кітап оку мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапка деген қызығушылығын ояту, шығармашылык кабілеті шыңдаған жеке тұлға тәрбиелеу. Іс шараға калалык адами әлеуетті дамыту бөлімінің кітапхана саласының әдіскері Ерназарова Мұхадас Асенкызы, мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Архарбекова Жанат және кала мектеп кітапханашылары катысты. Іс шара барысында кітапханашы Әліпбаева Меруерт кітап -адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы екенін, білім мен мәдениетке жетелейтін құралы болып саналатынын айтып жеткізді. Мектеп окушылары«Мен окимын, сен де окы» такырыппен өздерінің окыған әдеби кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, кітап алмасты. «Болашакка кітаппен»(постер корғау) катыскан окушылар екі топка бөлініп, компьютер мен кітаптың пайдасы мен зияны жайында ойларын ортаға салды. Екі топта ойларымен бөлісіп, көп кітап оку кажет деген шешімге келді. Мектеп оқушылары өз кезеңінде конактарга әсем күйлерімен көтеріңкі көңіл -күй сыйлады. Корытынды сөз кезегін адами әлеуетті дамыту бөлімінің кітапхана саласының әдіскері Мұхадас Ерназарова беріліп, окушылардың шынайы таза жүрекпен белсенділік танытып отырғандығы, бейнероликтердің өз орнымен орындалып жаткандығына токталып, оң пікір айтты.