Home Әлеумет ТҮРКІСТАНДА “PFIZER” ВАКЦИНАСЫН ЕГУ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА “PFIZER” ВАКЦИНАСЫН ЕГУ ЖҮРІП ЖАТЫР

«Covid-19» инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда.

Індетпен күрестегі вакцинациялау көрсеткішіне сәйкес, «Sputnik V», “QazVac”, «Hayat Vax» вакциналарының I-ші компонентін ектіргендер – 105 392 адам болса, II-ші компонентті – 104 908 азамат салдырды.

Қазірде екпе егу нүктелерінде мамандар «Hayat Vax», «Sputnik V», “QazVac” вакциналарымен қатар, «CoronaVac» және «Pfizer» вакцинасын пайдалануда. «Pfizer» вакцинасы – коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады.

Неміс биотехнологиялық BioNTech компаниясы мен америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясының бірігуімен шығарылған.

Қазіргі таңда аталған вакцинаны қалада 9780 тұрғын ектірді. II – компонентін салдырғандар- 4941 азамат.

Одан бөлек, вакцинация қабылдағандар ревакцинация салдыруда.

Ревакцинация не үшін қажет?

Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Алайда уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек.

Бұған қоса, вакцинаны қайта салдыру В-лимфоцит, Т-лимфоцит және Т-жад жасушасын түзіп, вирустың әртүрлі штамымен күреседі.

Қазірде қалада ревакцинациялау 13 нүктеде жүргізілуде. Соңғы көрсеткіш бойынша 4905 азамат ревакцинация ектірген.