Түркістан
облысы Ордабасы ауданының Бөген ауыл округіне қарасты 2 елді мекенді
табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Кемер
ауылының таза ауыз су жүйесінің жобалау-сметалық құжаттары да қазіргі таңда
сараптамаға ұсынылған. Атаулы әлеуметтік көмек алуға 180 өтініш берілген,
102-сі қанағаттандырылды. “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасына 215
адам қатысып, 26 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 4 азамат кәсіпкерлік
негіздерін оқуға жолданған. 2 азамат шағын несиеге қол жеткізген.
Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлына Бөген ауыл
округінде атқарылған жұмыс барысы жөніндегі есепті баяндамада осындай
мәліметтер ұсынылды. Бөген ауыл округі әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы
Нұрбақыт Мұсаев 2019-жылға ауыл округі бойынша “ЛБК” каналын механикалық
тазалау, екі көшені жарықтандыру, екі көшенің жолын асфальттау, Кемер
ауылындағы медициналық бекетті іске қосу жоспарланғанын жеткізді.
Өзекті мәселелерді саралаған аудан басшысы шешу
жолдары қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ ауыл округі әкіміне инвестиция
тарту, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару
бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.