Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ТАЗАЛЫҚ ШАРЫСЫНДА ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ТАЗАЛЫҚ ШАРЫСЫНДА ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданы аумағында тұрғындардың қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылып 2 000 жуық ағаш көшеттері егілді. Жалпы тазалық жұмыстарына 1 000 тарта аудан тұрғындары қатысып, көше бойларында шашылған қоқыстарды жинап, ағаш көшеттердің түбін ақтап, саябақтардың іштерін ретке келтірді. Сонымен қатар, 38 шақырмға жуық көпірлерді, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын жинап-тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындарының қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері де белсене атсалысты. Мекеме қызметкерлері аудан аумағынан өтетін Республикалық А-15 трассасы бойын абаттандырып, облыстық, аудандық маңызы бар көшелердің бойына ағаш көшеттерін екті. Санитарлық-тазалық күнінде 45 тоннадан астам қоқыстар арнайы полигонға тасталып, 6 дана автобус аялдамаларын әктеу, сырлау, тазалау жұмыстары атқарылды.