Home Әлеумет СЫБАЙЛАСТЫҚҚА СЫРТ КӨЗ СЫНШЫ

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА СЫРТ КӨЗ СЫНШЫ

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Г.Құрманбекованың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Санитарлық нормаларға сай өткізілген мәжіліске аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау» Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерғали Қуандық, Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатыр және Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Дәулетхан Нәлібаев баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы» туралы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Қонақбай Ережепов және Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Данияр Егізбаевтар баяндады.

Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.