Home Әлеумет САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МАҚСАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МАҚСАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

“Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен аудан әкімі Таңғатаров Мақсат Асылбекұлымен жастар арасында еркін форматта кездесу өткізілді.Кездесуге кіріп келген аудан әкімін ауданымыз жастарынан құрылған “Шекербұлақ” домбырашылар ансамблінің “Еркесылқым” күйімен қарсы алды.Еркін форматта өткен кездесу барысында сұхбатты Айгерім Ералықызы жүргізіп отырды.Кездесу жас кәсіпкерлердің көрмесінен бастау алып, ауданымыздың талантты ақыны Е.Бұхарбайдың және А.Байтеннің “Сауранға арнау” өлеңімен жалғасты. Жастардан құрылған ансамбльдің сүйемелдеуімен күмбірлеген күй тартылып, әуезді ән шырқалды. Кездесу барысында жастар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Кездесудің өте әсерлі кезеңі Жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Ералықызының ұйымдастыруымен талантты, жас суретші, қылқалам шебері Мақсат Асылбекұлының суретін бейнелеп сыйға тартты. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, әр саланың белсенді бөлігі және елдің ертеңгі үміті. Алға, Сауран жастары!
Атап айтар болсақ, Жастар ресурстық орталығы құрылғалы бері аудан әкімімен жастардың кездесуі тұрақты түрде тоқсан сайын жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да мұндай кездесулер жалғасын табатын болады.