“Nur Otan” партиясы біздің азаматтарымыздың өмір сапасын жақсартуды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жетімді болуын қолдайды.«Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, сондай-ақ экологиялық таза ахуалды қолдауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Текті мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.
Жол – қала өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық қалада сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру аясында «Nur Otan» партиясы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал ететін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 шақырым автомобиль жолдарын 30 пайыздан 100 пайызға жеткізу және қоғамдық көлік тасымалдау сапасын арттыру. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін 400 шақырым жолдарды орташа жөндеуге, оның ішінде: 9 2021 жылы «Бекзат» және «Отырар» мөлтекаудандарының 100 көшесінің 130 шақырымы; 2022 жылы «Сауран» және «Иасы» мөлтекаудандарынан 100 көшесінің 130 шақырымы; 2023 жылы «Шауғар» мөлтекауданынан 100 көшесінің 140 шақырымы; 5,8 шақырым (3 шақырым – Отырар ауданынан кіреберіс жолды және 2,8 шақырым – Халықаралық қазақ-түрік университетінің тас жолын «Отырар» мөлтекауданына дейінгі автожолды) күрделі жөндеуге; 81,9 шақырымды құрайтын 23 көшелердің жүріс бөлігі кеңейтіліп, оларда орын алатын кептелістер азайтылып, қала тұрғындары мен қонақтарының жүруіне қолайлы жағдай жасауға; 2021 жылы 50, 2022 жылы 60, 2023 жылы 46, 2024 жылы 40 жаңа автобус пен 2021 жылы 18 электробустар алынып, қоғамдық көліктер санын 270-тен 484-ға дейін жеткізуге; Халықаралық әуежай құрылысын аяқтап, пайдалануға беруге; Теміржол вокзалын қайта жаңғыртудан өткізіп, аумағын абаттандыруға; 2023 жылы Түркістан қаласында жаңа теміржол вокзалының құрылысын аяқтауға; 2025 жылға дейін 29 бағдаршам, (2021 жылы 8, 2022 жылы 6, 2023- 2025 жылдары 5-тен) және 120 аялдама (2021 жылы 30, 2022 жылы 30, 2023- 2025 жылдары 20-дан) орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 км автомобиль жолдары 100% жөнделіп, қоғамдық көлік тасымалдау сапасы арттырылады.
«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді