Home Әлеумет ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жеке құрамына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар тренинг өткізілді.

Жиында спикер ретінде Түркістан облыстық сотының судьясы Айманья Қуанышқызы, Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол Ешпанов, Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Айгүл Отаубаева қатысып, 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, оның ішінде Кодекстің алты сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты жеті құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 658, 662, 665, 667-баптары) бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында жаңа заң аясында сауалдар жолданып, ол бойынша мардымды мәліметтер берілді.

Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлықтың туындау деректерінің алдын алуда айрықша басымдыққа ие болып отыр.