Home Әлеумет АУДАН ӘКІМІ КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАП, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАП, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысының  басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына орай Сайрам ауданында карантин режимін сақтау шаралары жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыда аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өзі бастап, көше-көшелер мен қоғамдық орындарды жаяу аралап, жергілікті тұрғындарға соңғы қаулы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Құрметті аудан тұрғындары қазір ел аумағында карантин режимі енгізілген.
Кеше Үкіметтік комиссияның шешімімен 2020 жылдың 5-ші шілдесінен бастап ҚР аумағында 14-күнге карантин режимі ұзартылып шектеулер күшейтілді, – деді аудан басшысы.

Айт кетейік, еімізде COVID-2019 індетін жұқтырғандар саны 44 мыңнан асып отыр. Осыған байланысты халық саулығын сақтау мақсатында ойын-сауық, спорт және басқада бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге шектеу қойылды.

Ұ.Сәдібеков 65 жастан асқан азаматтарды аса қажетті жағдай болмаса, көшеге шықпауға, ауыл тұрғындарын көшелерде, саябақтарда, скверлердегі серуенге 3 адамнан артық жиналмауға және қоғамдық орындарда әрқашан маска киіп, 2 метрлік қашықтықты сақтауға шақырды.