Домой Uncategorized «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ-НЫҢ ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫНА 3 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СОМАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ-НЫҢ ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫНА 3 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СОМАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы қызметіне тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тауарларды, жұмыстарды ұсынуға қол жеткізу бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 2 953 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұл заңнамада көзделген мерзімде мемлекеттік бюджетке өндірілді.