Домой Uncategorized IUTH халықаралық туристік агенттіктермен меморандум жасасты

IUTH халықаралық туристік агенттіктермен меморандум жасасты

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде форум өтті.

Форумға ТМҰ-ның өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі, кеден қызметі, шекера қызметі, ішкі істер қызметі мен туристік қауымдастық өкілдері қатысты.

Туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы Әзірбайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына (бұдан әрі – ТМҰ) мүше елдердің туризм министрлерінің VII отырысы болып, оның қорытындысы бойынша ТМҰ хатшылығының, Қазақстан мен Өзбекстан делегацияларының қатысуымен «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын әзірлеу бойынша үшжақты кездесу өткізу келісілген болатын.

Жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі пысықтау үшін ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан мен Өзбекстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, ТМҰ хатшылығының қатысуымен онлайн кеңес өткізілген. Өз кезегінде, Кеңес қорытындысы бойынша «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум» өткізу туралы шешім қабылданды.

Форум барысында Халықаралық туризм және меймандостық универсиетінің Басқарма төрағасы-ректор Айдос Сакенов аталмыш іс-шараның жоғары оқу орны үшін маңызын атап өтіп, өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

Жиын соңында университетпен үш бірдей халықаралық туристік агенттік, атап айтқанда ООО «Anor Travel», ООО «Anor Travel Navai», OOO «Muhammad Sharif»  өзара меморандум жасасты.