Домой Басты жаңалықтар ҚЫЛҚАЛАМ ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ҚЫЛҚАЛАМ ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін Төлеби ауданы, Төлеби аудандық мәдениет үйінде аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған қылқалам, қолөнер шеберлері үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Уақыт бейнелері» облыстық семинар-кеңесі өтті.

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңестің мақсаты ұлттық өнерді дәріптеу, қолөнер және қылқалам шеберлерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдау, оларға шығармашылық қолдау көрсетуге бағытталған болатын.

Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Айнабек Мыңжасарұлы «Сурет салу-өнері», «Туған жер» пейзажын салып, барша көрерменге іс-тәжірибе көрсетті, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері Равил Сұлтанұлы «Сурет салу материалдары мен техникасы» тақырыбы аясында «Көктем аруы» портретін бейнеледі. Сонымен қатар Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, этнограф, музыкант Кендебай Әбжаппарұлы сазды аспаптарда ойнап, «Керамикамен жұмыс істеудің тәсілдері мен материалдары» тақырыбында, саз балшықтан құмыра жасау жөнінде шеберлік сағатын өткізді. Қолөнерші Құрбанәлі Асқарұлы «Көшпенділер — туа біткен жауынгерлер, ер—тұрман оның бесігі» ер-тұрманның түрлері және жасалу жолдарын көрсетті.

Семинар-кеңесте Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі  Асылхан Темірханұлы модераторлық етті.