Домой Қоғам ЖАСТАР АРАСЫНДА «AMANAT CUP» ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИРІ ӨТТІ «JASTAR RUHY»

ЖАСТАР АРАСЫНДА «AMANAT CUP» ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИРІ ӨТТІ «JASTAR RUHY»

ЖҚ ұйымдастыруымен республика көлемінде «AMANAT CUP» шағын футболдан жастар турнирі өткізілді. 20 аймақты қамтыған спорттық жарысқа 196 команда қатысып, 1500-ден астам жас қамтылды.Турнирдің мақсаты — жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, республика жастары арасында футболды насихаттау және дамыту. Түркістан облысы бойынша аудан, қалалардан 8 команда облыс орталығында өзара сайысқа түсті.

Атап айтқанда Бәйдібек, Созақ, Сайрам, Сауран аудандары, Түркістан қаласы сондай-ақ мегаполис шаһар Шымкенттен келген командалар арасындағы сайыс тартысты өтті.Спорттық ойын нәтижесінде сайрамдық екі команда жүлдеге ие болды. 3-орынды “Игілік” командасы иеленсе, 2-орыннан “Ақбұлақ” тобы көрінді. Ал, 1-орын Сауран ауданының “Ынтымақ” командасына бұйырды.Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысып, марапаттарды табыстаған Түркістан қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев, меценат Бағдәулет Тұрманов спорттық ойындарды дамытуға күш салынатынын жеткізді. Сондай-ақ, марапаттауда турнирдің үздік ойыншылары, үздік бомбардирлері мен үздік қақпашылары анықталды. Номинация иегерлеріне де арнайы дипломдар және сыйлықтар үлестірілді.