Домой Қоғам ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 13 мамыры күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев пен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, теміржол жолаушылар тасымалының тиісті жұмыс істеуін және жүк тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Атырау — Алматы және Маңғыстау — Алматы бағытындағы жолаушылар пойыздарына рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд жұмыстары барысында сигналды белгі беруші жарықшамдарының жеткіліксіздігі және істен шыққандығы, сондай-ақ жолаушылардың тамақтануына арналған орындардың талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша аталған пойыздар тиесілі мекемелерге 52 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Алдағы уақытта да «Адал жол» жобасы аясында тиісті жұмыстар өз жалғасын табатын болады.