Домой Қоғам АРЫС: NUR OTAN ПАРТИЯСЫ ӨЗ КАНДИДАТТАРЫН ҰСЫНДЫ

АРЫС: NUR OTAN ПАРТИЯСЫ ӨЗ КАНДИДАТТАРЫН ҰСЫНДЫ


Бүгін Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалының кезектен тыс ХLII конференциясы өтті. Оған Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихаттың хатшысы Амантай Байтанаев, қалалық Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтығали Ділдәбеков, қалалық мәслихаттың депутаттары мен аудандық филиал қызметкерлері және делегаттар қатысты.
Партияның қалалық филиалының төрағасы Гүлжан Құрманбекова төрағалық еткен конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 72 делегаттың 68-і қатысып, 4 делегат белгілі себептермен қатыса алмады.
Күн тәртібінде 2021 жылдың 25 шілдесінде өтетін Монтайтас ауылдық округі мен Қожатоғай ауылдық округінде өтетін әкім сайлауына Nur Otan партиясынан ұсынылатын үміткерлердің кандидатурасын бекіту мәселесі қаралды.
Делегаттардың дауыс беруі нәтижесінде 2021 жылдың 25 шілдесінде өтетін ауыл және ауылдық округтердің әкімін сайлауға Nur Otan партиясынан Монтайтас ауылдық округі әкіміне Ахметов Ербол Батырбекұлы, ал Қожатоғай ауылдық округі әкіміне Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлының кандидатурсын Арыс аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды.