Домой Басты жаңалықтар Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына рейс ашылмақ

Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына рейс ашылмақ

Түркістан қаласынан Қазақстанның 11 қаласына рейстар ашылмақ. Бұл туралы авиация комитеті хабарлады.

«Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілді. 

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» әуе кемелерімен орындайтын болады», — делінген хабарламада.
Алғашқы рейстердің басталуы ағымдағы жылдың 15 шілдесіне жоспарланған, осы бағыттар бойынша билеттердің құны 16-25 мың теңгені құрайды.