Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН #ХАЛЫҚТЫҚӘКІМДІК САУДАГЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН #ХАЛЫҚТЫҚӘКІМДІК САУДАГЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы, бұрын соңды бұндайды бастан кешірмеген жұртшылық біраз дүрлікті. Азық-түлік, керек-жарақ іздеп сауда орындарына ағылды.

Өкінішке қарай, бұндай жағдайды өз игілігіне ғана пайдаланғысы келген азаматтар да табылды. Әп сәтте сұранысты пайдалана, бағаларды шарықтатып, ел ішіндегі уайымды да асырды.

Осы жағдайды ретке келтіру мақсатында, Түркістан қаласы әкімі демалыс күндері базарларға барып, әр саудагермен
сөйлесіп бағаны қалпына келтіру бойынша келіссөздер жүргізді. Мән-жайды түсініп, қолдау білдіруге келіскен азаматтармен тауар бағалары бекітілді. Бағаны негізсіз көтерген саудагерлер жұмысына ескерту жасалып, шектеу қойылды.

Айта кетерлігі, қалалық арнайы қоймаларда да әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар баршылық. Қажеттілігіне сай, олар да үлестірілетін болады.

Бұған қоса, бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында, кешегі күні қалалық әкімдік тұрғындарды көтерілген бағаларды байқаған жағдайда +7701 5095797, +7701 3689466 нөмірлеріне хабарлауын өтінген.

Бір апта уақыт әкімдік тарапынан бағалар қадағаланып, саудагерлердің өз сөздерін ұстауы қуантады. Ендігісі халыққа да байланысты. Байбалам салып көптеп шоғырлануды болдырмай, тек күнделікті қажеттілікке қарай үй маңы дүкендерге барғаны дұрыс болары анық.