Домой Әлеумет «СЕНІМ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

«СЕНІМ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Нарымбетова Бейсенкуль Облыстық Ардагерлер Ұйымы ғимаратында бас қосты.

Мақсат — Түркістан облысында психологиялық тұрғыдан дағдарысқа ұшыраған жандарға көмек қолын созу, жалпы отбасылық қарым-қатынасты оңалтуға үлес қосу үшін «Сенім» психологиялық дағдарыс орталығын құру.

Кездесу барысында бастамашыл топ аталмыш жобаны жүзеге асырудағы жоспарларды талқылап, орталық ғимаратының жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Орталықта алдағы уақытта кәсіби, білікті мамандар жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, арнайы сенім телефоны іске қосылып, облыс тұрғындарына тегін кеңес беру жоспарлануда.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы, облыстық ардагерлер кеңесі мен «Серпіліс» қоғамдық қорының бастамасымен бастау алғалы отырған бұл орталық облыстық Ардагерлер кеңесінің ғимаратында құрылатын болады.