Домой Әлеумет САЙРАМДА КӘСІПКЕРЛЕРІ САУАПТЫ ІС ЖАСАДЫ

САЙРАМДА КӘСІПКЕРЛЕРІ САУАПТЫ ІС ЖАСАДЫ

Індеттің алдын алу және осы дертке шалдыққандарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру барысында мемлекет бастап, халық қолдап игілікті істер қатарын арттыруда. Аталған мақсатта Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті – Б.Хасантаевтың бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 «Бобров» медициналық тыныс алу құрылғыларын сатып әкелді.

Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынды. Себебі, мұнда емделушілермен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, сонда қызмет етеді. Дәл осы таңда жақсылық жасаудың нағыз үлгісі осы болса керек. Індет алқымнан алғанда дәрі-дәрмек бағасын шарықтатып, нәубетті өз пайдасына жаратқысы келген жандарға аталған игілікті іс үлгі болса екен дейміз.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар. Қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылды.