Домой Әлеумет МЕРЕКЕДЕ ІЗГІЛІКТІ ІС ЖАСАЛДЫ

МЕРЕКЕДЕ ІЗГІЛІКТІ ІС ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Мейірім» еріктілер клубы және аталған ауданға қарасты Қызыл әскер елді мекенінің жеке кәсіпкерлерімен бірлесе ұйымдастыруымен «Жайнай берсін, Нұр-Сұлтан» атты елорда күніне орай қайырымдылық іс-шара өткізілді. Қайырымдылық, көмек қолын созу әр адамның азаматтық борышы. Ақтөбе ауылдық округінің жомарт жанды демеушілері тарапынан аз қамтылған әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Ақтөбе ауылдық округінің тумасы Қайыпназаров Нұржан, Қайыпназаров Асылжандардың үйіне барып қал жағдайларын сұрап, бір жолғы әлеуметтік жәрдем бойынша көмектесті. Бүгінде Қайыпназаров Нұржан, Қайыпназаров Асылжан мүмкіндігі шектеулі азамат, бұл азаматтар көп жылдар бойы жүріп тұра алмай келеді. Игі шара аясында қол ұшын созға жомарт жүректі жандарға алғыстарын жеткізген аталмыш азаматтар байтақ елімізге тыныштық, халыққа ауызбіршілік және болашақтың баяндылығын тіледі.