Домой Әлеумет КІМ-КІМНІҢ ДЕ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ

КІМ-КІМНІҢ ДЕ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ

Алдағы сайлау – игіліктердің, жақсылықтардың даңғыл жолына түсуге игі әсерін тигізетін науқан болады деп үміттенемін.

Ендеше, әрбір азаматтың дауыс беруі маңызды. Ел келешегі үшін барын салар, еліміздің жарқын болашағының кепілі болар лайықты үміткерге мен де өз даусымды беремін.

Сайлау жалпыға бірдей, тең, бәсекелі әрі ерікті түрде өтетініне еш күмәнім жоқ. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Еліміздің жаңа Қазақстанға айналып, өркениет жолына қарай гүлденеріне сенімім мол.

Динара ҚАРАҚҰЛОВА,
Леңгір қалалық емханасының аға мейірбикесі