«Арыс жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің ДОІЖО К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен » Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі бойынша бастауыш сынып мұғалімі Спакешова Жанар Мамыровна 3 «А» сыныбымен 11 наурыз күні ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Сабақтың мақсаты: тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. Сабак барысында » Ол кім?, бұл не?» ойыны, «Таза тақта» әдісі, жұптық, топтык, саралау тапсырмалары орындалды.
Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұл қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Жан-жақты кәсіби дамыға тұлға болып қалыптасу үшін еріңбей еңбек етіп, талмай оқып білім алу керек. Оқу демекші біздің Академия қабырғасында алғашқы кәсіби даярлық курсы бойынша білім алып жатқан тыңдаушылар да бар. Білім нәрін кеуделеріне толтырып жатқандарына бір айдың жүзі болыпты. Әрине, білім беру тарапынан педагогика және психология кафедрасының оқытушылары өз үлестерін қосуда. Кеше ғана сабақта өткен психологиялық тренингі осының бір дәлелінің бірі. Психологиялық тренингтің басты мақсаты ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, мамандығына деген кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту болып табылады.
Тренинг барысында білім алушыларға тақырып бойынша ақпараттық-тәрбиелік баяндама жасалынып, «Өрмекші», «Патшалық», «Қолтырауын» атты жаттығулар өткізіліп, білім алушылар арасында талқыланды.
Одан әрі тренинг-сабағымыздың қорытынды ретінде білім алушылар өз ойларын ортаға салып, өз бойындағы жақсы қасиеттермен де бөлісті. Тренинг-сабақ өте қызықты да тартымды өтті.