Home Қоғам КӨШЕГЕ ҚОҚЫС ТАСТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛМЕН ЖАЗАЛАНДЫ

КӨШЕГЕ ҚОҚЫС ТАСТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛМЕН ЖАЗАЛАНДЫ


Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып, көшелердің тазалығына кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.
Шара аясында құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды бейберекет көшеге тастаған Аманкелді көшесінің 2 тұрғынына айыппұл салынды. Мұндай заңбұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл көлемі екі еселенеді.
Сонымен қатар, аула тазалығын сақтамаған 10-нан аса жеке үй иелеріне ескерту берілді. Алдағы уақытта осы бағыттағы рейдтік жұмыстар күнделікті жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының 1-тармақшасына сәйкес (ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) 5 АЕК көлемінде (14 585 теңге) айыппұл салуға алып келеді. Егер бұл әрекет қайталанған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз.