Home Басты жаңалықтар Түркістан: Этносаралық тұрақтылық тақырыбында семинар өтті

Түркістан: Этносаралық тұрақтылық тақырыбында семинар өтті

Жамбыл Артықбаев «Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде мәдени ықпалдастықты дамыту» тақырыбында баяндама жасап, мәдени ықпалдастықтың нығаюы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың басты жолы екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде этноәлеуметтік үрдістің дамуының негізгі бағыттары; сарапшылық баға», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, PhD доктор, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жеткешісі Қайнар Қалдыбай «Этносаралық қақтығыстарды реттеу және азаматтық келісімді қолдау: модельдер, тәсілдер, тәжірибелер» тақырыптарында баяндама жасап, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар барысында өңірдегі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін баяндайтын «Этносаралық келісім тұрақтылығы» тақырыбында бейнеролик жұрт назарына ұсынылып, мүдделі органдарды ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік құралдар шығарылып, қатысушыларға таратыландығы айтылды.